Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында онлайн-семинар өтті

Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында онлайн-семинар өтті

2020 жылғы 27 қазанда Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті ұйымдастырған ZOOM платформасы арқылы онлайн семинарға қатысты.

Семинар барысында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға енгізілген түзетулер туралы ақпарат берілді.

Естеріңізге сала кетейік, ү.ж. 6 қазанда ел Президенті Қ.Қ.Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды. Мемлекеттік қызметшілерге қатысты қабылданған заңның негізгі тармақтарының бірі сыйлықтар алуға толық тыйым салу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабардар ету болып табылады. Сондай-ақ, заңда туыстардың бір мемлекеттік ұйымда бірлескен жұмысының жекелеген мәселелерін реттеуге бағытталған нормалар қарастырылған.