Экспорттаушы компаниялардың назарына!

Экспорттаушы компаниялардың назарына!

Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында экспортқа жұмыс істейтін компанияларға мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру міндеті қойылды.
Бүгінгі күні экспорттаушыларға арналған бірыңғай Export.gov.kz порталы іске қосылды, онда экспорттаушыларды қолдау шаралары біріктірілген.

Портал экспорттаушылар үшін барлық қажетті ақпаратты, оның ішінде Қазақстанның экспорттық мүдделі тауарлары, неғұрлым тартымды өткізу нарықтары, статистика, жарнама бойынша ақпараттық материалдарды, сондай-ақ экспорттық қызметке қатысты басқа да ақпаратты қамтиды. Сонымен қатар, порталда қазақстандық экспорттаушы-жеткізушілер мен олардың өнімдерінің тізілімі орналастырылған. Бұл шетелдік тапсырыс берушілерге порталда қазақстандық контрагенттерді табуға мүмкіндік береді.

Бірыңғай портал келесі қолдауларды қамтиды:

- шығындардың бір бөлігін өтеу;

- электрондық платформаға шығару;

- сервистік қолдау шаралары;

- қаржылық қолдау шаралары;

- экспорттық акселерация бағдарламасы.

Бұдан басқа, осы портал әлеуетті экспорттаушыларды, қазақстандық өнімді жеткізушілерді таба алатын қазақстандық өнімді импорттаушылар үшін қызықты болады.

Сонымен қатар, экспорттаушы компаниялар үшін телеграмм платформасында шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің экспортын жүзеге асыру мәселелері қарастырылатын диалог алаңы бар екенін хабарлаймыз. Телеграмға сілтеме: https://t.me/exportgov