«KOKSHE» ӘКК» АҚ тұрақтандыру қоры

«KOKSHE» ӘКК» АҚ тұрақтандыру қоры

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуін тежеу мақсатында Көкшетау қаласында «KOKSHE» ӘКК» АҚ өңірлік тұрақтандыру қорының тауарларын «Қамқор» коммуналдық павильоны арқылы белгіленген төмендетілген бағамен сату жүргізілуде:

күріш - 280 тг/кг;

қарақұмық жармасы - 267 тг/кг;

күнбағыс майы-350 - 395 тг/л;

сары май - 2400 тг/кг;

1 сұрыпты ұн - 110 тг/кг;

Жоғарыда аталған барлық тауарлар жеткілікті көлемде.

«Айналым схемасы» аясында «Гормолзавод СҮ» ЖШС әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын «Гормолзавод СҮ» дүкендер желісінде төмен бағамен сату үшін қарыз берілді.

Сонымен қатар «KOKSHE» ӘКК» АҚ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, сондай-ақ жергілікті өнімді сату мақсатында Көкшетау қаласының әртүрлі бөліктерінде 3 сауда павильонының құрылысы жүргізілуде.