«Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

«Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы облыстық деңгейде «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасының өңірлік үйлестірушісі болып табылады.

«Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының қолданылу кезеңінде (2010 жылдан бастап) жалпы сомасы 161,6 млрд.теңгеге 1466 жоба (субсидиялау, кепілдендіру, гранттар, инфрақұрылым жүргізу) мақұлданды.

Бағдарламаны іске асыру кезеңінде 2010-2019 жылдары оның қатысушылары 1 355,6 млрд.теңге сомасына өнім өндірді, 107,8 млрд. теңге сомасына салық төленді, 24,1 мың.жұмыс орны сақталды және құрылды.

Ағымдағы жылы БЖК-2025 бағдарламасын іске асыруға 3 452,3 млн.теңге бөлінді, ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 2 034,8 млн. теңге - 58,9% игерілді, 203 жобаға қолдау көрсетілді.

2020 жылдың 8 айында бағдарлама қатысушылары 12,0 млрд. теңге сомасына салық төледі, 135 жұмыс орны құрылды.

Бизнесті кредиттеу екінші деңгейдегі банктер, субсидиялау және кепілдендіру арқылы «Даму «КДҚ» АҚ арқылы жүзеге асырылады, бұл ретте белгілі бір мақсаттарға кредит беру туралы шешімді тек қаржы институтының өзі және ЕДБ қабылдайды.

Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары туралы толығырақ ақпарат алу үшін келесі мекенжайлар бойынша хабарласуыңызға болады:

- Көкшетау қ., Абай к-сі, 96, 4 қабат, каб. 404, тел. 8(7162) 24-00-15, 24-00-14 (басқарманың шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бөлімі);

- Көкшетау қ., Абай к-сі, 96, 2 қабат, тел. 8 (7162) 72-24-88, (Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы);

- Көкшетау қ., Ақана Серэ к-сі, 46а, тел. 8(7162) 55-11-23, 55-11-16 («Даму «КДҚ» АҚ).