Ағымдағы жылдың 17 қазанында Көкшетау қаласында «ТӘУЕЛСІЗДІК» алаңында Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Аталған жәрмеңкеде өңірдің 90-нан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 65,4 млн.теңге сомасына шамамен 97,5 тонна өнім ұсынады. Қала тұрғындары мен қонақтары жергілікті өндірушілердің 30-дан астам азық-түлік түрлерін сатып ала алады. Бағалар нарықтық бағадан 10-15% - ға төмен.
Облыс аграршылары 24,8 тонна ет және шұжық өнімдерін, 3,4 тонна жаңа балық, 7,3 тонна сүт және сүт өнімдерін, 3,1 тоннадан астам ұн, 4 тонна өсімдік майы, 58,8 тонна картоп пен көкөніс және басқа да өнімдер әкеледі.
Жәрмеңке сағат 8.00-де басталады.