Конкурс өткізу туралы хабарландыру
Конкурсты ұйымдастырушы: «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ.
Орналасқан жері: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96, кеңсе 404
Байланыс телефоны: +7 (7162) 24-00-15, 24-00-13, 24-00-08
Конкурстың мәні: кәсіпкерлерге әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру.
Грант сомасы: 5 млн.теңгеге дейін.
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Бюджет: 189 млн. теңге.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беру орны: «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы «Kezekte.kz»).
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2025 жылғы «06» қазаннан бастап 2025 жылғы «10» қазанға дейін қоса алғанда. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.
Қағидалардың 25-тармағына сәйкес кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не осы мемлекеттік гранттар беру қағидаларының белгіленген шарттарына сәйкес келмейтін дәйексіз деректер немесе құжаттар ұсынылған жағдайларда өңірлік үйлестіруші кәсіпкерге ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, пысықтауға ұсынылған құжаттарды қайтарады. Кәсіпкер пысықталған құжаттар топтамасын конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайта жібереді.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер электрондық нысанда «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы бекітілген нысан бойынша өтінімді және конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады. Конкурсқа қатысу үшін электрондық өтінімдер мына сілтеме бойынша беріледі: (https://kezekte.kz/).
Кәсіпкердің веб-портал арқылы электрондық өтінім беру тәртібі «Kezekte.kz»
Веб-порталға тіркелгеннен кейін «Kezekte.kz» кәсіпкер өтінімге pdf форматындағы құжаттардың келесі сканерленген көшірмелерін қоса отырып, Конкурсқа қатысуға өтінім береді:
1) өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама;
2) бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландырудың бар екенін растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар-жоғы туралы банктік шоттан үзінді-көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және (немесе) жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;
3) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі немесе «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалисі болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде кәсіпкердің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.
Өтінім субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде кәсіпкердің ЭЦҚ-сына қол қою арқылы тіркеледі және өңірлік үйлестірушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Егер бағдарламаны Өңірлік үйлестіруші қабылдаған сәтке дейін тіркелген өтінімде қатенің бар-жоғын анықтаған жағдайда, кәсіпкер кері қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінімді кері қайтарып алуға құқылы.
Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер тек бір ғана өтінім беруге құқылы. Өтінімдер конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде қабылданады.
Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі кәсіпкер өтінімді тіркеген сәттен бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде тиісті хабарламаның ЭЦҚ пайдалана отырып, оның қабылданғанын растайды. Бұл хабарлама кәсіпкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады.