Ағымдағы жылдың 10 қазанында Көкшетау қаласында «ТӘУЕЛСІЗДІК» алаңында Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Аталған жәрмеңкеде өңірдің 90-нан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 55,6 млн.теңге сомасына 83 тонна өнім ұсынады. Қала тұрғындары мен қонақтары жергілікті өндірушілердің 30-дан астам азық-түлік түрлерін сатып ала алады. Бағалар нарықтық бағадан 10-15% - ға төмен.
Облыс аграршылары 23 тонна ет және шұжық өнімдерін, 4 тонна жаңа балық, 6,4 тонна сүт және сүт өнімдерін, 11 тоннадан астам ұн, 5 тонна өсімдік майы, 33,5 тонна картоп пен көкөніс және басқа да өнімдерді әкеледі.
Жәрмеңке сағат 8.00-де басталады.