Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
ӨНЕРКӘСІП

Өнеркәсіп - бұл кез келген мемлекет экономикасының маңызды секторы. Ол табиғи шикізатты өндірумен, оны өңдеумен және әртүрлі заттар мен энергияны өндірумен айналысатын кәсіпорындардан, зауыттардан және фабрикалардан тұрады.

Ақмола облысы - бұл индустриалды-аграрлық аймақ. Өнеркәсіпте ірі, орта, шағын кәсіпорындарды қоса алғанда, 1000-нан астам кәсіпорындар мен өндірістер қызметін жүзеге асырады.

Облыстың өнеркәсіптік сегментінде өңдеу өнеркәсібі 80% (795 ірі, орта, шағын кәсіпорындар мен өндірістер) алады.

Облыс өнеркәсібін қалыптастыратын негізгі салалар металлургия, машина жасау, тамақ өнімдерін өндіру, химия өнеркәсібі және құрылыс индустриясы болып табылады.

Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары шығаратын өнім өңделген алтын, жүк автомобильдері, темір жол жылжымалы құрамына арналған мойынтіректер, байытылған уран, құрылыс материалдары мен бұйымдар және т. б. болып табылады.

Сонымен қатар, облыс машина жасау саласында айтарлықтай әлеуетке ие. Осы саланың жетекші кәсіпорындары: «Степногорск ЕПК» АҚ, «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ, «Қамқор-Локомотив» ЖШС АЭРЗ филиалы.

Ақмола облысының аумағында өндірілетін тауарлар Қазақстан Республикасының жақын өңірлеріне белсенді түрде жеткізіледі.

Облыстың экспортқа бағытталған ірі кәсіпорындарының қатарына мыналар жатады: «Көкшетау минералды сулары» АҚ, «Степногорск тау-кен-химия комбинаты» ЖШС, «Тыныс» АҚ, «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ, «Степногорск ЕПК» АҚ, «Новопэк» ЖШС, «Айдабол спиртзавод» ЖШС, «Урожай» ЖШС, «Агример Астық» ЖШС және т.б. Экспорт географиясы Кеден одағы мен жақын шетелдерден тыс жерлерге созылып жатыр. Негізгі экспортталатын өнім: подшипниктер, алкогольді және алкогольсіз сусындар, жүк автомобильдері, ұн.

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының өнеркәсіп саласындағы негізгі мақсаттары:

1) Облыстың өнеркәсіп салаларындағы жағдайды зерделеу, талдау және болжау;

2) индустриялық-инновациялық қызметті қолдау саласындағы өңірлік және салалық бағдарламаларды іске асыру;

3) жүйе құраушы кәсіпорындардың жергілікті қамтуды дамыту;

4) сыртқы экономикалық қызметті зерттеу, талдау және болжау.

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының өнеркәсіп саласындағы негізгі міндеттері:

1) саланың даму үрдістері туралы талдамалық ақпарат дайындау;

2) индустриялық секторды одан әрі дамыту бойынша болжамдар жасау;

3) ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорындар және облыс өңірлері бойынша өндірістік көрсеткіштердің мониторингін жүргізу және тауар өнімдерінің күтілетін орындалуының есебі;

4) Ақмола облысының аумағын дамыту бағдарламасын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

5) облыста өнеркәсіптің басым секторларын дамыту жөніндегі шаралар кешенін іске асыру;

6) отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі жұмысқа қатысу;

7) облыстың ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорындарында жаңа жұмыс орындарын құру бөлігінде жалпы облыс бойынша ахуалға шолу;

8) облыстың ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындарында жұмыспен қамту мәселелері бойынша ақпарат дайындау;

9) жүйе құраушы кәсіпорындардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуында жергілікті қамтудың мониторингін жүргізу;

10) қазақстандық өндірушілерді қолдау, импорттық өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) отандық аналогтармен алмастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру;

11) облыстың сыртқы сауда айналымының үрдістері туралы талдамалық ақпарат дайындау;

12) экспорт пен импорт көлемі бойынша болжамды көрсеткіштердің есебі;

13) отандық экспорттаушы компанияларды қолдау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

14) экспортты, оның ішінде шикізаттық емес экспортты дамыту жөніндегі шаралар кешенін іске асыру;

15) бөлімнің құзыреті шегінде ақпарат, кестелік және презентациялық материалдар, сөз сөйлеу жобаларын дайындау;

16) құзыреті шегінде республикалық және облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығуларға қатысу;

Документы
Ақпарат
04 ноября 2020
Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы
Ақмола облысының экспорттаушыларын ынталандыру және экспорттық әлеуетті дамыту жөніндегі 2019 жылға арналған іс-шаралар ЖОСПАРЫ
Ақпарат
04 ноября 2020
Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы
Үшінші елдерден тауарлар импортына қатысты сауда-саттықты қорғаушараларын қолдану туралы негізгі ақпарат
Ақпарат
04 ноября 2020
Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы
Ақмола облысы экспорттаушыларының тізілімі
Новости
Полезные материалы
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша 2023 жыл есебі
ӨНЕРКӘСІП
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Өнеркәсіп бөлімі
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы