"Жерге орналастыру, геодезия және картография күні" мерекесіне орай басқарма қызметкерлерін марапаттау

"Жерге орналастыру, геодезия және картография күні" мерекесіне орай басқарма қызметкерлерін марапаттау

Ағымдағы жылдың 29 мамырында Басқармада Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғ.К. Әбдіқалықовтың төрағалығымен "Ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы" кеңес өтті, кеңесте аудан әкімдіктеріне жерге космомониторинг жасау бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету жұмысының қорытындысы жасалды.
Жұмыс кеңесі жерге орналастыру саласындағы еңбегі үшін ҚР "Жерге орналастыру, геодезия және картография күні" өткен мерекесіне орай ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің "Құрметті жерге орналастырушы" төс белгісімен басқарманың бас маманы Төлеубай Қуандықұлы Мұхамедиев және басқарма бөлімдерінің басшылары Нұрболат Бекқожаұлы Бөкен, Айнұр Жастлекқызы Танкыбаева марапаттаумен жалғастырылды.