Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің сандық мониторингін енгізудің негізгі аспектілері

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің сандық мониторингін енгізудің негізгі аспектілері

Ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде басқарма қызметкерлері ZOOM арқылы бейнеконференцбайланыс режимінде "Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге цифрлық мониторингті енгізудің негізгі аспектілері" тақырыбында семинар-кеңеске қатысты. Кеңесте егістікті, жайылымдарды ұтымды пайдаланудың мониторингі, егістіктер тарихы кітаптарының толықтығын талдау және жерді пайдаланушыларға жерді ұтымсыз пайдалану туралы электрондық хабарламалар жіберу мәселелері талқыланды.