"Электрондық коммерция орталығы" ЖШС өткізген Мемлекеттік сатып алу бойынша оқыту

"Электрондық коммерция орталығы" ЖШС өткізген Мемлекеттік сатып алу бойынша оқыту

«Электрондық коммерция орталығы» ЖШС Ақмола облысының мемлекеттік және бюджеттік ұйымдарының (тапсырыс берушілерінің) қызметкерлері үшін мемлекеттік сатып алу бойынша тегін семинар-оқыту өткізді, семинарды Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы ұйымдастырды.

Мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидалары (әдіснама бойынша инновациялар), 2025 жылғы 15 наурыздағы өзгерістермен Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа Заң, ҚР ӘҚБтК 207-бабы бойынша жаңа айыппұлдар және электрондық дүкенмен жұмыс істеу функционалы (мүмкіндіктер, функционалдың жаңалықтары және т.б.) түсіндірілді.

Бұл семинар қызметкерлердің білімі мен біліктілігін арттыруға, сондай-ақ электрондық дүкенде жұмыс істеу бойынша тапсырыс берушілерден кері байланыс алуға бағытталған OMarket.kz.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар (тыңдаушылар) «Эрудит Астана» оқу орталығынан мемлекеттік сатып алу бойынша оқудан өткені туралы сертификаттармен және тегін үлестірме материалдармен қамтамасыз етілді.