Ақмола облысы мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының қызметкерлері «Игі істер марафоны» волонтерлік жұмысы аясында мұқтаж жандарға көмек көрсету бойынша қайырымдылық акциясына қатысты.
Басқарманың жас мамандары көмір әкелуге, қарды тазартуға, үйдің айналасын жинауға және тазалауға көмектесті.