Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін мемлекеттік сатып алу бойынша Семинар

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін мемлекеттік сатып алу бойынша Семинар

01.01.2025 жылдан бастап «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңы, сондай-ақ «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығы күшіне енуіне байланысты басқарманың мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы О.И. Глеба «2025 жылы Қазақстан Республикасында Мемлекеттік сатып алу» тақырыбында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметкерлері үшін семинар өткізді.

Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамаға бұрын аталған өзгерістерден басқа, Бірыңғай ұйымдастырушы жаңа қағидаларға сәйкес айқындайтын және бекітетін конкурстық комиссияның құрамына бірыңғай ұйымдастырушының уәкілетті өкілдері ғана кіреді. Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, бірақ кемінде 3 (үш) адамды құрауға тиіс, бұдан басқа, Конкурстық комиссия хатшысы бірыңғай ұйымдастырушының лауазымды адамдарының арасынан айқындалады.

Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу қорытындыларының нәтижелерімен келіспеу туралы әлеуетті өнім берушілердің шағымдарын қараудың жаңа тетігі енгізілді. 2025 жылдан бастап тапсырыс берушілер, ұйымдастырушылар, бірыңғай ұйымдастырушылар әлеуетті өнім берушілердің шағымдарын дербес қарайтын болады.