Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша көшпелі семинарлар

Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша көшпелі семинарлар

Басқарма мамандары Ерейментау, Аршалы, Целиноград, Шортанды, Ақкөл аудандары мен Қосшы қаласына "Мемлекеттік сатып алу туралы" ҚР Заңына енгізілген өзгерістерді түсіндіру мәселелері бойынша көшпелі семинарлар өткізді.

Жалпы, заң сатып алу процесінің рәсімдерін оңтайландыруға, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігін күшейтуге және бәсекелестікті дамытуға бағытталған".

Атап айтқанда, новеллалардың бірінші блогында сатып алу рәсімдерін жеңілдету және қысқарту қарастырылған. Шағымдарды қарау тетігі жаңартылды, сондай-ақ Қаржы министрлігінің бақылаушы орган ретіндегі рөлі қайта қаралды.

Көптеген өзгерістермен қатар, әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау мерзімдерін 15 күнтізбелік күннен 5 жұмыс күніне дейін қысқарту көзделеді, ал конкурстық комиссияның өтінімдерді қарауы 10 жұмыс күнінен 3-ке қысқартылды.