
Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында 2023 жылғы маусым айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.
Талдауға қатысу сұрақтары бойынша Ақмола облысы мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының бас маман - заңгер Жантасов Ернар Мұратұлына 2023 жылғы 17 мамырға дейін келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 29-80-43, 29-80-30 (қабылдау бөлмесі).