Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша Семинар

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша Семинар

Ағымдағы жылдың 9-10 наурызында Ақмола облысының Атбасар және Ақкөл аудандарында аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша жергілікті қоғамдастық жиналыстарының төрағалары үшін оқу-практикалық семинар өтті. Аталған семинардың ұйымдастырушысы ҚР Ұлттық экономика министрлігі және ҚР Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы болды.

Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының қызметкерлері мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы салаларындағы жаңалықтарды түсіндіру мақсатында шақырылды.

Семинар пікірталас алаңы режимінде өтті, оның барысында жоғарыда аталған салалардың мәселелері талқыланды.