ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІНЕ 76 ЖЫЛ!!!

ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІНЕ 76 ЖЫЛ!!!

Ардақты ардагерлер! Қымбатты жерлестер!

Сіздерді, елдік пен ерліктің, мызғымас бірліктің мерекесі - Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

9 мамыр – батыр бабаларымыздың өшпес ерлігі тарихта мәңгілік қалған күн. Баршамызға бейбіт өмір мен баянды болашақ аманат етілген кез. Біз, Отаны үшін от кешкен, ерлердің өр рухына, мәңгілік тағзым етіп, ардагерлер алдында бас иеміз.Соғыс жылдары алыстаған сайын аталарымыз бен әкелеріміздің даңқты ерлігі жүрегіміздің түбіне терең бойлайтыны ақиқат. Азаттықтың ақ таңын атырған жауынгерлердің рухы мен бауырлас халықтар достығының алып күші айқындала түсуде. Бірліктің бұл ұлы күші тек ұрыс даласында ғана көрініс тапқан жоқ. Жеңіс үшін теңдессіз ерлікті тыл еңбеккерлері де танытты.

Біздің жүрегімізде сіздерге деген шексіз құрмет мәңгі сақталады. Бірлігі жарасқан іргелі елдің ұрпағы өздеріңізге алғыс айтып, тағзым етеміз.