Республикалық «Деловая Zametka» газетіндегі Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы мақаласы. Тақырыбы: «Сыйлыққа беру шарттар туралы»

Республикалық «Деловая Zametka» газетіндегі Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы мақаласы. Тақырыбы: «Сыйлыққа беру шарттар туралы»

Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке беру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысымен бекітілген Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасымен реттеледі.

Аталған Ережелерге сәйкес сыйға тартушы сыйға тарту шарты бойынша мемлекетке беретін мүліктің меншік иесі болып табылады. Меншік иелері жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар болуы мүмкін. Сый алушы болып мемлекет табылады. Мүлік республикалық немесе коммуналдық меншікке қабылданады.

 Сонымен бірге меншік иесі жүгінген кезде мүліктік құны туралы мағлұматты беруі керек. Жеке тұлғалардың мүлігін бағалау Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңдылығына сәйкес жүргізіледі. Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлігінің құны баланстан үзінді көшірмемен немесе бағалаушы жасаған бағалау туралы есебімен расталады.

Одан басқа, меншік иесіне жылжымайтын мүлік объектілеріне құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелерін, көлік құралдарына мемлекеттік тіркеу куәліктерін ұсынуы қажет, өйткені «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу – Заң актілерде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын және құқықтық кадастрдағы мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін мемлекеттің тануы мен растауының міндетті рәсімі. Автокөлік құралын пайдалану және жол жүруіне қатысуға рұқсат ету мақсатында көлік құралдарын есептеу және міндетті мемлекеттік тіркеу қарастырылған.

Жергілікті атқарушы органдар мүлікті алу қажеттілігі (қажетінің жоқтығы) туралы қорытынды дайындайды. Негізгі өлшемдер экономикалық орындылығы, мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдағаннан кейінгі мақсаты мен пайдаланылуы, берілетін мүліктің қаржылық қамтамасыз етілуі болып табылады.

Аталған мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдау тиімді болған жағдайда, сыйлыққа беру шартын жасау туралы шешім жергілікті атқарушы органдармен қабылданады.

Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша басқармасымен мүлікті мемлекетке өтеусіз беру туралы 4 өтініш қаралды, олар бойынша мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалардың мүлкін сыйға тарту шартын жасасу туралы шешім қабылданды.

Ақмола облысының

мемлекеттік сатып алу және

коммуналдық меншік

басқармасы