
Өткен сенбіде "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті. Іс-шараға Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының ұжымы белсенді қатысты.
Сенбіліктің мақсаты-экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, туған табиғатқа деген сүйіспеншілік және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру. Акция барысында бекітілген аумақты тазалау, қоқыс шығару және жапырақтарды жинау жұмыстары жүргізілді.
Мұндай іс-шаралар ұжымды біріктіруге және қоғамдағы экологиялық мәдениетті арттыруға ықпал етеді.