"Заң және тәртіп" тақырыбындағы дөңгелек үстел

"Заң және тәртіп" тақырыбындағы дөңгелек үстел

Бүгін Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы ұжымында “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында семинар өтті. Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының нормаларын мүлтіксіз сақтауы басты басымдық ретінде белгіленді.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалау әдістемесі туралы ақпарат қаралды.