Өтініштерді қарау мәселелері бойынша Семинар-кеңес

Өтініштерді қарау мәселелері бойынша Семинар-кеңес

Әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маманы Г.Б. Картбаева Ақмола облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті департаментінің әдістемесіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу, есепке алу және қарау кезіндегі жұмысты зерделеу бойынша Ақмола облысы мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының қызметкерлері үшін семинар-кеңес өткізді.

ҚР заңнамасының нормаларына енгізілген өзгерістер қаралды.

Семинардың мақсаты-мемлекеттік орган жұмысының тиімділігін арттыру және қолданыстағы заңнаманы қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастыру.