
Ақмола облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының қызметкерлері 2025 жылғы 13 қарашада «Ұлттық диктант» жобасы аясындағы іс-шараға қатысты.
Бұл жобаны Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы «Қазақ тілі» халықаралық қоғамымен және Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп іске қосты.
«Ұлттық диктант» – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, азаматтардың жазу сауаттылығын жетілдіруге, ұлттық бірегейлік пен тілдік мәдениетті нығайтуға бағытталған жалпы республикалық мәдени-ағартушылық жоба.
Негізгі мақсаты – Мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру және оны насихаттау. Бұл бастама әр азаматқа сауатты жазудың тек білім өлшемі емес, сонымен бірге азаматтық жауапкершілік, мәдени қатысым және тілге деген құрметтің көрінісі екенін ұғындыруға бағытталған.