Ақмола облысының туризм басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді

Ақмола облысының туризм басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді

Ақмола облысының туризм басқармасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында 2025 жылғы мамыр айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.

Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.

Талдауға қатысу сұрақтары бойынша Ақмола облысының туризм басқармасының туризмді дамытуды талдау және мониторинг бөлімінің  жетекші маманы – Ташетова Жанар Дауылбайқызына келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 72-30-92, 72-30-23 (қабылдау бөлімі).