Ішкі туризмнің жаңа мүмкіндіктері

Ішкі туризмнің жаңа мүмкіндіктері

Ішкі туризмнің жаңа мүмкіндіктері

13-17 маусым, 2020 Ақмола облысының туристік сайттарында 5 күндік блог жүргізу қарапайым туристер үшін ғана емес, сонымен қатар талғампаз саяхатшылар үшін бүкіл әлемге біздің аймақтың сұлулығын көрсету үшін ұйымдастырылды. Рассказали о классических местах отдыха, показали малоизвестные археологические и этнографические маршруты, поделились секретами как оптимально и бюджетно провести свой отдых.

Блог турдың мақсаты: шетелде демалуға үйренген қазақстандық туристерді тарту, Ақмола облысының барлық аумағында демалу деңгейі мен мүмкіндіктерін көрсету. Сонымен қатар, коронавирустық пандемияға байланысты біздің туристік бизнесіміздің экономикалық қиындықтарын жеңуге көмектесу. Жазғы демалыс мүмкіндігін ғана емес, сонымен қатар туризм үшін кем емес тартымды маусымдарды көрсету қажет. Бұл үшін біз белгілі блогер Әлішер Елікбаевты шақырдық.

Әлішер Елікбаев PR саласында 20 жылдық тәжірбиесі бар; «Қазақстандықтар Америкада» жобасының ұйымдастырушысы және Tutti Frutti желісінің тең иесі; Vox Populi жобасын басқарды (алғашқы қазақстандық фотосаяхат сайты); Chocotravel сервис кеңесшісі.

Бірінші кезең Бурабай курортында басталды. Бағдарлама аясында блог тур қатысушылары Бурабай курортының танымал нысандарын аралады ("Promenade Burabay" және "AQBURA" жаңа салынып жатқан нысандар, қонақ үйлер, Щучье көлінің балық аулауында таң қарсы алды, паромда, квадроциклда, яхтада серуендеді, ат бағыты бойынша серуендеді).

Экскурсиялық бағдарлама блог тур қатысушыларына ұмытылмас әсер қалдырды, оның барысында қонақтар Бурабай курортының бірқатар ерекше көрікті жерлерімен, «Абылай хан алаңымен», «Визит орталықпен», «Ботай-Бурабай» ашық аспан астындағы мұражайымен, «Бөлектау» тауының панорамалық көріністерімен танысты.

Келесі қадам - ​​Көкшетау қаласына сапар болып табылды. Блогерлер қаланың тарихын облыстық тарихи-өлкетану музейінде тереңірек білді, Көкшетау минералды суларының және Гормолзаводтың өндірістік нысандарын аралады. Бағдарлама бойынша, блогерлер «Уәли хан» жерленген мазарымен танысты, ол өз отанында жерленген әйгілі хандардың бірі.  Біз қаланың болашағымен таныстық, жаңа жағалаудың, «Болашақ сарайы» яғни оқушылар сарайының құрылысымен таныстық және Қопа көліндегі «FlyBoard» су шоуын тамашаладық.

Қорытынды кезең Зеренді курортына бару болды. Блогердің негізгі тартылыс нүктесі Ақмола облысының киелі мәдениетінің ескерткіштері болды. Блогерлер "Әулие тас" киелі нысандарымен, "Орманды бұлақ" жерлеу орны мен "Қошқарбай"шатқалымен танысты.

Блогерлер өздерінің парақшаларында олардың саяхаты туралы қысқа бейне репортаждар жасады және жақында біздің өңірдің сұлулары туралы толыққанды бейнероликтерді жариялайды.

5 күндік тур барысында @visitaqmola.kz жазылушыларының саны 1161 адамға немесе 22% -ға өсті (жазылушылардың жалпы саны 6377 адамды құрады). @visitaqmola.kz  парқшасында профильге кіру саны      7 256-дан 130 029-ға дейін өсті. Жазылушылардың геолокациясы: Нұр-Сұлтан қ.  37%, Көкшетау қ.  27%, Алматы облысы 13%, Қазақстан мен Ресейдің басқа қалалары  23%.

Қызықты контентті толтыру және өңірдің туристік әлеуетін ілгерілету бойынша жұмыс жалғасатын болады.