Облыс әкімінің 2020 жылғы 25 мамырдағы өкімімен Уәлихан Мұташұлы Ғабдуллин Ақмола облысының туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Уәлихан Мұташұлы, 1972 жылы туған. Солтүстік Қазақстан облысының тумасы, бiлiмi-жоғары. «Фемида» Қарағанды заң академиясын, Көкшетау экономика және менеджмент институтын бітірген.
2000-2003 жылдары Ақмола облысының iшкi iстер органдарында қызмет еттi.
2003-2013 жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді, «Нұр банк» АҚ филиалының орынбасары, кейін директоры, «БТА Банкі» АҚ филиалының директоры қызметтерін атқарды.
2013-2014 жылдары аппарат басшысының Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң iс басқарушысы орынбасары болды.
2014-2016 жылдары Ақмола облысы Кәсiпкерлер палатасының директоры.
Осы тағайындауға дейін Бурабай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.