ТУРОПЕРАТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ЛИЦЕНЗИЯ: БЕРУДІҢ ЖАҢА ЕРЕЖЕЛЕРІ

ТУРОПЕРАТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ЛИЦЕНЗИЯ: БЕРУДІҢ ЖАҢА ЕРЕЖЕЛЕРІ

Мәдениет және спорт министрлігінің 06.08.2021 жылғы №259 бұйрығымен туристік операторлық қызметке лицензия беру тәртібіне өзгерістер енгізілді. Осылайша, тиісті мемлекеттік қызмет көрсету стандарты өзгерді.
Туроператорлар лицензия алу үшін электронды түрде порталдарға жүгіне алады:
• www.egov.kz ;
• www.elicense.kz
Құжатты беру мерзімі: 6 жұмыс күні. Лицензияны немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу-3 жұмыс күні.
Осылайша, туроператорлық қызметке лицензия беру бойынша Мемлекеттік қызметтер толығымен электронды.
Қызмет ақылы, ҚР СК 554-Б. 4-т. сәйкес лицензиялық алым мөлшерін құрайды:
• лицензия беру үшін -10 АЕК;
• қайта ресімдеу үшін-беру кезіндегі мөлшерлеменің 10% - ын, бірақ 4 АЕК-тен аспайды;
Қажетті құжаттар:
• лицензия алуға өтініш;
• лицензиялық алымның төленгені туралы электрондық чек;
• біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтердің толтырылған нысаны;
• ұйымды мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер.
Лицензияны ресімдеу мәселесі бойынша келесі нөмірлер бойынша кеңес алуға болады:
• Ақмола облысының туризм басқармасы 8 (7162) 72 77 06;
• мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77 77
Өзгерістер 11.08.2021 ж. Жарияланды және 60 күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді (яғни қазан айының ортасынан бастап).