Зеренді ауданында жаңа заманауи қонақ үй кешені ашылды

Зеренді ауданында жаңа заманауи қонақ үй кешені ашылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы мен Дүниежүзілік туризм күнін мерекелеу қарсаңында Зеренді а. жаңа туризм объектісі – «Dan-EL» қонақ үй кешенінің салтанатты ашылуы өтті.
Ашылу салтанатына Ақмола облысы туризм басқармасының басшысы Андрей Подгурский, Зеренді ауданының әкімі Асен Жақсылықов, «Көкшетау» МҰТП директоры Е. Б. Сағдиев қатысты.
Заманауи қонақ үй кешені 22 орынға арналған 7 бөлмеден тұрады және отбасылық демалыс пен корпоративтік іс-шаралар үшін өте қолайлы. Демалушылардың бос уақытын өткізу үшін спорттық, футбол және балалар алаңдары, сондай-ақ бампербол (футбол шарлары) қарастырылған.