Дүниежүзілік туризм күнімен

Дүниежүзілік туризм күнімен

Құрметті әріптестер, қымбатты достар!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Дүниежүзілік туризм күнімен құттықтаймыз!
Бүкіл әлемде 27 қыркүйек Дүниежүзілік туризм күнін атап өтеді. Оны Дүниежүзілік Туристік Ұйымның Бас Ассамблеясы 1979 жылы Испанияның Торремолино қаласында құрған. Бұл күн Дүниежүзілік Туристік Ұйымның Жарғысы қабылданғандықтан таңдалды.
Ақмола облысы өзінің бірегей табиғи-климаттық жағдайлары, кең рекреациялық әлеуеті, дамыған сауықтыру желілері бойынша Қазақстанның жетекші өңірлерінің бірі болып табылады. Облыс Қазақстанның туристік аймақтары көшбасшыларының бестігіне кіреді. Өңірдің туристік кластеріне туризм саласындағы 500-ден астам кәсіпорын кіреді.
Туризм индустриясының барлық қызметкерлеріне, сондай-ақ туризмге өкіллеріне жақсы көңіл-күй, шығармашылық табыс және таңғажайып ашылулар тілейміз.