Дүниежүзілік туризм күнін мерекелеуге арналған Экоакция

Дүниежүзілік туризм күнін мерекелеуге арналған Экоакция
Ақмола облысының туризм басқармасы Дүниежүзілік туризм күнін және елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазалау айлығы аясында экологиялық акция өткізілді, оған "Visit Aqmola" Туристік ақпараттық орталығының, "Бурабай" МҰТП, "Бурабай Даму" ЖШС қызметкерлері және "Щучинск қаласының жоғары техникалық колледжі "МКҚК, Щучинск қаласының Орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжі" КММ студенттері қатысты. Орналасуы: Қарақыстақ жері, Бурабай ауданының Үлкен және Кіші Шабақты көлдерінің арасында.
Ауа-райына қарамастан барлық қатысушылар акцияға белсенді қатысып, жазғы маусымда демалушылардан қалған 60 қаптан астам қоқыс жинады. «Таза болса табиғат, аман болар адамзат». Біздің ерекше табиғатымызды сақтайық, күзгі кадрлар бұған дәлел!