Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша дөңгелек үстел

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша дөңгелек үстел

2021 жылғы 17 мамырда Ақмола облысының мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының желілік кестесі шеңберінде 2021 жылғы 1 жартыжылдыққа "Ақмола облысының туризм басқармасы" ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Семинар барысында «Ақмола облысының туризм басқармасы» ММ қызметкерлері сыбайлас жемқорлық ұғымдарын, оның тарихи тамырларын, мемлекеттік қызметшілердің қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті қалыптастыруды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін заңды жауапкершілікті зерделеді.