Ресей-Қазақстан: ынтымақтастықты кеңейту жолында

Ресей-Қазақстан: ынтымақтастықты кеңейту жолында

Ресей бастамасы бойынша 10.03.2021 Челябі және Ақмола облыстарының уәкілетті органдарының өкілдерімен онлайн форматта кездесу өтті. Күн тәртібінде “өңірлердің туристік әлеуетінің тиімділігін арттыру және үздік тәжірибелермен алмасу”мәселесі қаралды. Челябі облысы губернаторының орынбасары Е.В. Ковальчук пен Ақмола облысы әкімінің орынбасары К. М. Идрисовтың құттықтау сөздерінде түрлі салалардағы, соның ішінде туристік саладағы өзара тиімді ынтымақтастықтың маңыздылығы атап өтілді. Ақмола облысының туристік әлеуетін таныстырумен өңірдің туризм басқармасы басшысының м.а. А. Сағдиев сөз сөйледі.
Кездесу барысында тараптар ақпарат алмасып, алдағы уақытта тиімді ынтымақтастыққа ықпал ететін барлық мәселелерді егжей-тегжейлі пысықтау туралы қорытындыға келді.