Туристерге ыңғайлы контент

Туристерге ыңғайлы контент

Ақмола облысының туризм басқармасы жанындағы “Visit Aqmola” ТАО Көкшетау қаласының әуежайында, теміржол вокзалында ақпараттық киосктерді іске қосты, сонымен қоса Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы мен теміржол вокзалында жаңартылған контенті бар киосктер жақында пайда болады. Киосктердің арқасында Ақмола облысында демалу және туризм мүмкіндігіне қызығушылық танытқандардың барлығына туристік бағыттар, орналастыру объектілері, тез тамақтану пункттері туралы толық ақпарат және басқа да қажетті ақпарат алуға болады.
Біздің ғажайып өлкемізге қош келдіңіздер!