“Шипажай” 2020

“Шипажай” 2020

Ағымдағы жылдың 21 желтоқсанында Қазақстанда санаторлық-курорттық істі дамыту мәселелеріне арналған “Шипажай-2020” V Халықаралық форумы өтті. Бұл форумның ұйымдастырушысы жыл сайын Ұлттық курорттық қауымдастық болып табылады. Биылғы форумның ерекшелігі осы іс – шараның бас демеушісі Бурабай курортының жетекші шипажайы ретінде “Алмаз” шипажайы болды. Форумда Қазақстандық, Ресейлік спикерлердің, сондай-ақ Әзербайжанның серіктестерінің және т.б. өзекті тақырыптар бойынша баяндамалар тыңдалды.