Шолу дөңгелегінің ашылуы

Шолу дөңгелегінің ашылуы

16 желтоқсанда Бурабай курортында шолу дөңгелегі ашылды! Енді әрбір келушінің тауға шықпай-ақ, құстың ұшу биіктігінен осы әдемі жердің сұлулығын тамашалауға мүмкіндік бар. Аттракционның биіктігі – 42 метр!
Шолу дөңгелегі сапар орталығының аумағында, Бурабай кентінің орталығындағы табиғат мұражайының артында орналасқан және күн сайын 11.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейді.
Енді тағы бір туристік нысан Бурабай курорттық аймағының қонақтарын да, тұрғындарын да қуантады!