Цифрландыру жақындастырады

Цифрландыру жақындастырады

Ақмола облысының туристік әлеуетін ілгерілету мақсатымен туристер жаппай өтетін жерлерде-Көкшетау қаласының халықаралық әуежайында және теміржол вокзалында ең жақсы демалыс орындарын, туристік маршруттарды, өлкеміздің табиғи-тарихи көрікті жерлерін айқын және мазмұнды көрсететін жаңартылған контенті бар “Visit Aqmola” ақпараттық киосктар орнатылды. Ақмола облысының бірегей курорттық орындарында демалу мен сауықтырудың алуан түрлі қызметтерін көрсету бойынша туристік бизнес субъектілерімен жедел байланыс және толық ақпарат алудың кең мүмкіндігі бар.