Облыстың туризм басшысының жұмыс сапары

Облыстың туризм басшысының жұмыс сапары

Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапары аясында Ақмола облысы туризм басқармасының басшысы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспековпен кездесіп, Ақмола облысында туризмді дамыту мәселелерін талқылады.
Қазіргі өзекті тақырыптардың бірі – коронавирусқа байланысты облыстардың, аудандардың, қалалардың шекаралары жабылған жағдайда туристік бизнестің қалай жұмыс істеуі. Қазіргі бизнестің дайындығы қандай, демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай қосымша шаралар қабылдау қажет.