Өңірлерді қолдау жолында

Өңірлерді қолдау жолында

2020 жылдың 5 қарашасында “Visit Aqmola” Туристік ақпараттық орталығы “Kazakh Tourism” ҰК желісі бойынша Бизнестің жол картасын қалыптастыру мәселелері бойынша “Атамекен” ҰКП бастамасымен бейнеконференцияға қатысты. Ақмола облысынан аталған тақырыпты талқылауға “Visit Aqmola” ТАО басшысы Батырханов Ш.Б. қатысты, ол елдік оқиғалар күнтізбесін жеделдету туралы ұсыныс енгізді, сондай – ақ республикалық және халықаралық мәртебесі бар өңірлердің неғұрлым озық іс-шараларын қосуды ұсынды. Олардың қатарында “Фламинго” халықаралық фестивалі, “Бурабай” желкенді регатасы, аушы құстармен аң аулау шеберлерінің “Қансонар” жыл сайынғы турнирі аталды, оған Қазақстанның барлық облыстарынан өкілдер және Монғолия, Қытай, Өзбекстан және Қырғызстаннан аң аулау шеберлері қатысады. Соңғы турнирде оларға Түркия мен Араб Әмірліктерінің өкілдері қосылды. Сондай-ақ, біздің облыстан Сұлтанов К.А. сөз сөйледі. – республикалық балалар-жасөспірімдер туризмі қауымдастығының төрағасы, ол балаларды сауықтыру орталықтарында түгендеу жүргізу және туризм саласына қатысты заңнамалық базаны жетілдіру туралы ұсыныс енгізді.