Ақмола облысы туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты күшейтуде

Ақмола облысы туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты күшейтуде

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов
Dala Carbon Forum 2026 форумы аясында туризм басқармасының басшысы Андрей Подгурскийдің қатысуымен Алешка Симкич – Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақтың елшісі және Салли Аксуорси – Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің елшісімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық перспективаларын талқылап, туризмді дамытуға ерекше назар аударды. Өңір делегациясы Ақмола облысының туристік әлеуетін, оның ішінде табиғи нысандарын, курорттық аймақтарын және тұрақты туризмді дамыту мүмкіндіктерін таныстырды.

Аймақ инфрақұрылымды белсенді түрде дамытып жатқаны және халықаралық инвестицияларға, соның ішінде туризм саласына ашық екені атап өтілді. Инвесторларды қолдау жұмыстары арнайы қолдау институттары арқылы жүзеге асырылуда.

Шетелдік серіктестер тарапынан өңірдің курорттық әлеуетіне ерекше қызығушылық білдірілді. Ұлыбритания өкілдері Ақмола облысы еуропалық туристер үшін тартымды бағытқа айналуы мүмкін екенін атап өтті.