Ақмола облысында шаңғы туризмі бойынша ҚР чемпионаты өтті

Ақмола облысында шаңғы туризмі бойынша ҚР чемпионаты өтті

2026 жылғы 25–28 ақпан аралығында Ақмола облысының Сандықтау ауданында «туристік көпсайыс (шаңғы туризмі)» дисциплинасы бойынша Қазақстан Республикасының спорттық туризмнен чемпионаты, сондай-ақ туристік көпсайыс бойынша Қазақстан Республикасы Кубогының кезеңі өтті.

Жарысқа барлығы 17 команда, 140 спортшы қатысты. Атап айтқанда, Көкшетау қаласынан, Ақмола облысынан, Астана қаласынан, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Абай, Жетісу, Ақтөбе облыстарынан және Зеренді ауданынан командалар бақ сынады.

Турнирдің мақсаты – елімізде спорттық туризмді дамыту және насихаттау, қатысушылардың шеберлігін арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ең мықты спортшыларын анықтау. Чемпионат аясында командалар үш қашықтық бойынша жарысты: жеке-командалық, техникалық және кросс-жорық. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, төзімділік пен командалық үйлесімділікті көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

Ересектер санаты:

I орын — «Саяхат» командасы (Ақтөбе облысы)

II орын — «Батыс–West-4» командасы (Батыс Қазақстан облысы)

III орын — «Астана» командасы (Астана қаласы)

Жасөспірімдер (юниорлар):

I орын — «Батыс–West-6» командасы (Батыс Қазақстан облысы)

II орын — «Асау» командасы (Ақтөбе облысы)

III орын — «Ирбис-Текели-21» командасы (Жетісу облысы)

Жасөспірім ұлдар:

I орын — «Батыс–West-8» командасы (Батыс Қазақстан облысы)

II орын — «Поколение» командасы (Зеренді ауданы)

III орын — «Фирн 3» командасы (Ақмола облысы)

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ақмола облысында чемпионаттың өткізілуі өңірдегі спорттық туризмнің жоғары деңгейде дамып келе жатқанын және ауқымды республикалық жарыстарды өткізуге толық әлеуеті бар екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.