Щучинск Қазақстан тарихында алғаш рет Virtus Әлемдік шаңғы жарысы чемпионатын қабылдады

Щучинск Қазақстан тарихында алғаш рет Virtus Әлемдік шаңғы жарысы чемпионатын қабылдады

2026 жылғы 20 ақпанда Шучинск қаласындағы Қысқы спорт түрлерін даярлау орталығында интеллектуалды мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы «VIRTUS WORLD NORDIC SKI CHAMPIONSHIPS 2026» — Әлемдік шаңғы жарысы чемпионатының салтанатты ашылуы өтті. Жарыстар 24 ақпанға дейін жалғасады, 43 қатысушының ішінде біздің Ақмола облысының үш спортшысы бар. Олар — Морозов Дмитрий, Носырев Федор және Боревич Оксана.

Жарыстарға әртүрлі елдерден келген 43 спортшы қатысып, ii1 (ақыл-ойының кемістігі), ii2 (Даун синдромы) және ii3 (аутизм) санаттары бойынша бақ сынауда.

Халықаралық чемпионат тең мүмкіндіктерді ілгерілетуге, инклюзивті спортты дамытуға және халықаралық спорттық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Ақмола облысы мен бүкіл Қазақстан үшін бұл тарихи оқиға — ел алғаш рет Шучинск қаласында Virtus Әлемдік чемпионатын өткізді, онда әлемнің әр елінен келген спортшылар жиналды.