Асқар Мамин Ақмола облысына іс-сапармен келді

Асқар Мамин Ақмола облысына іс-сапармен келді

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Бурабай кентінің туристік инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша бірқатар кеңестер өткізді. Үкімет басшысы Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған жоспары шеңберінде жоспарланған барлық іс-шараларды аяқтау, сондай-ақ туристік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, Премьер-министр Бурабай ауданының Щучинск қаласында IQanat High School of Burabay мектебіне барды.

Көкшетау қаласында 200 төсектік модульді жұқпалы аурулар ауруханасын, жедел жәрдем машиналары мен отандық құрастырылған жылжымалы медициналық кешендерді аралап көрді. Үкімет басшысына өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және коронавирустық инфекцияның жаңа толқынына дайындық шаралары туралы баяндалды.