Литва мен Қазақстанның екіжақты жұмыс тобының онлайн жиналысы

Литва мен Қазақстанның екіжақты жұмыс тобының онлайн жиналысы

Туризм басқармасы Ақмола облысының «Visit Aqmola» туристік ақпараттық орталығымен бірлесіп Литва Республикасы Экономика және инновациялар министрлігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің екіжақты жұмыс тобының онлайн отырысына қатысты. Осы кездесу аясында Литва мен Қазақстанның туристік мүмкіндіктері таныстырылды. В2В кездесу барысында Бурабай курортының және жалпы Ақмола облысының туристік мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылды. Литва тарапы Қазақстанның туристік операторларымен ынтымақтастықты кеңейтуге және туристік ағындармен өзара алмасуға ниет білдірді.