
Ақмола облысының туризм басқармасы «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ іске асыратын «Сапа белгісі» бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы туристік бизнес өкілдерін хабардар етеді.
Бағдарлама қызмет көрсету стандарттарын арттыруға, отандық туристік қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін дамытуға және қонақтар мен серіктестердің сенімін қалыптастыруға бағытталған. «Сапа белгісін» алу туризм саласындағы компаниялардың жоғары қызмет көрсету деңгейі мен кәсібилігін растайды.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі — ағымдағы жылдың 6 ақпанына дейін.
Өтінімдер келесі электрондық пошта арқылы қабылданады: product@qaztourism.kz
Қажетті құжаттар:
* жеке кәсіпкерлер үшін — тіркеу туралы куәлік;
* жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін — жарғы және тіркеу туралы куәлік;
* туроператорлар үшін — қосымша лицензия.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ менеджерлеріне жүгінуге болады.
Туризм басқармасы өңір кәсіпкерлерін бағдарламаға белсенді қатысуға шақырады. Бұл туристік қызметтердің сапасын арттыруға және Ақмола облысының еліміздің жетекші туристік бағыттарының бірі ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.