
2026 жылғы 14 ақпанда Ақмола облысы Бурабай ауданының Щучинск-Бурабай курорттық аймағында орналасқан Бурабай көлінің мұзында жыл сайынғы спорттық іс-шара — Burabay Ice – 2026 мұзды жүгірісі өтеді.
Іс-шара Ақмола облысының туризм басқармасының қолдауымен оқиғалық туризмді дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және Бурабай курортының туристік әлеуетін жыл бойы жұмыс істейтін бағыт ретінде ілгерілету жөніндегі міндеттер аясында ұйымдастырылады.
Burabay Ice — ұлттық табиғи парк аумағындағы көл мұзымен өтетін, әлемдік тәжірибеде баламасы жоқ бірегей спорттық жоба. Жарыс форматы спорттық бәсекені өңірдің табиғи ерекшеліктерімен ұштастырып, Ақмола облысының оң имиджін республикалық және халықаралық деңгейде қалыптастыруға ықпал етеді. Іс-шараның негізгі ұйымдастырушысы — «Экстремалды атлетика» қоғамдық бірлестігі.
Жарысқа 1000-нан астам спортшы, оның ішінде шетелдік қатысушылар да қатысады. Бұл іс-шараның халықаралық мәртебесін және Қазақстанда қысқы жүгіру түрлеріне деген қызығушылықтың артып келе жатқанын айқындайды. Burabay Ice – 2026 өткізілуі Ақмола облысының туризм басқармасының оқиғалық іс-шараларды дамыту, өңірдің туристік тартымдылығын арттыру және қысқы кезеңде белсенді демалыс үшін қолайлы орта қалыптастыру жөніндегі жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады.
Жарыс форматы
Қатысушыларға келесі қашықтықтар ұсынылады:
Қашықтықтар спортшылардың дайындық деңгейіне қарай қарастырылған. Бағыт көлдің тегіс мұз бетімен өтеді, биіктік айырмасы минималды, бұл жарыстың қолжетімді әрі қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді.
Іс-шара бағдарламасы
Жарысқа қатысу үшін іс-шараның ресми сайтында алдын ала тіркеуден өту қажет: https://athletex.kz/competitions/burabice26