Туристік қауымдастық алдындағы есеп

Туристік қауымдастық алдындағы есеп

Ақмола облысының туризм басқармасы және «Visit Aqmola» ТИО «Атамекен» ҰКП желісі бойынша ұйымдастырылған онлайн конференцияға ҚР МСМ Туризм индустриясы комитеті, «Kazakh Tourism» АҚ ҰК, сондай-ақ Қазақстан турнарығы өкілдерінің қатысуымен «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Ю.К. Якупбаеваның төрағалығымен өтті. Конференцияның басты тақырыбы «Қазақ Туризм» ҰК-ның 2019-2020 жылдар аралығындығы іс-шараларды іске асыру қорытындыларын қарастыру болды. Аталған мәселені талқылауға Қазақстан Туристік қауымдастығының, өңірлердің салалық туристік бірлестіктерінің өкілдері, туроператорлар және басқа мекемелер қатысты. Ақмола облысынан талқылауға Туризм және демалыс индустриясы қауымдастығының төрағасы Ш.Б. Батырханов – «Visit Aqmola» ТИО басшысы және балалар – жасөспірімдер туризмі республикалық қауымдастығының төрағасы Қ. А. Сұлтанов қатысты. Іс-шаралардың елдік картасын құрастыруын жеделдету, «Мир Путешествий» және «Ветер Странствий» танымал туристік басылымдарын қолдау туралы, сараптамалық жұмыс тобын құру және ҚР туризм саласындағы қолданыстағы заңнамасына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы ұсыныс енгізілді.