Гидтер мен экскурсия жүргізушілеріне арналған үш күндік оқу семинары өтті

Гидтер мен экскурсия жүргізушілеріне арналған үш күндік оқу семинары өтті

2025 жылғы 1 – 3 желтоқсан аралығында Бурабай курортының аймағында Ақмола облысы туризм басқармасының жанындағы «Visit Aqmola» Туристік ақпараттық орталығы» КММ  гидтер мен экскурсия жүргізушілеріне арналған үш күндік оқу семинарын ұйымдастырды. Оқыту іс – шарасы «Insar» қонақ – үйінде өткізілді.

Семинарға Ақмола облысы мен Астана қаласынан келген шамамен 60 гидтер мен экскурсия жүргізушілері қатысты. Семинар экскурсияны жүргізу қызметі, туристермен коммуникация орнату және тарихи-мәдени ақпаратты беру бағыттары бойынша құзыреттерді дамытуға бағытталған теориялық және практикалық білім беру блоктарын қамтиды. Семинардың мақсаты – өңірдегі гид-экскурсоводтардың кәсіби біліктілігін арттыру, олардың практикалық және әдістемелік дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ Ақмола облысы аумағында экскурсиялық қызмет көрсетудің бірыңғай стандартының қалыптасуына ықпал ету.

Семинардың бірінші күнінде лектор ретінде этнограф-ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Артықбаев Жамбыл Омарұлы сөз сөйледі. Лекция тақырыбы: «Бурабай курортының тарихи мұрасы»: тас және қола дәуірінен бастап Ұлы Даланың ерте көшпенділері, сақ-скиф өркениеті және Абылай хан кезеңіне дейін. Спикер өңір аумағының дамуының негізгі кезеңдеріне, сондай-ақ оның мәдени және табиғи маңыздылығына шолу жасады.

Ақанова Сәуле Раушанқызы, ҰТ «Арман-тур» 3-санаттағы экскурсия жүргізушісі, Астана – Бурабай бағыты бойынша экскурсиялық ақпараттың ерекшеліктері туралы материалмен бағдарламаны жалғастырды. Қатысушылар маршрут құрылымын қалай қалыптастыру, нақты ақпаратты аңыздармен, статистикалық мәліметтермен, географиялық деректермен, көркем бейнелер мен өлең жолдарымен үйлестіру арқылы экскурсияны мазмұнды, динамикалық әрі тартымды ету жолдарын үйренді.

Келесі сөз Архипов Евгений Владимировичке, «Бурабай» МҰТП ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкеріне берілді. Ол ұлттық парктің флорасы мен фаунасына арналған баяндамасын ұсынды. Қатысушылар парк аумағының табиғи алуан түрлілігі, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктердің тән түрлері туралы жаңа мәліметтер алды.

Соңғы лекция Бурабай курортының аңыздарына арналды. Лектор — өлкетанушы және қоғам қайраткері Жақыпова Марал Қашкенқызы. Оның баяндамасы қатысушыларды өңірдің атақты аңыздарымен таныстырды: Ақылбай асуының тарихы, Абылай ханның алаңы, Ақбура, Оқжетпес және Жұмбақтас жартастары, Айнаколь көлі, сондай-ақ дала өркениетінің рухын сақтаған балбал тастар туралы қызықты деректермен бөлісті.

Семинар аясында қатысушыларға Бурабай курортының жаңа және жаңғыртылған шолу алаңдарына экскурсия ұйымдастырылып, нысандардағы экскурсия жүргізу мүмкіндіктері көрсетілді. Сонымен қатар, «Nomadius» этнографиялық мұражайына және Соколовтар ірімшік өндірісіне бару бағдарламаның бір бөлігі болды.

Іс-шара туризм саласындағы тәжірибе алмасу, жаңа кәсіби байланыстар орнату, кадрлардың кәсіби өсуіне жағдай жасау және өңірдің туристік әлеуетін кеңейту алаңына айналды. Алынған білім, Щучинск–Бурабай курорттық аймағында туристерге көрсетілетін экскурсиялық қызметтердің сапасын арттыруға маңызды ресурс бола алады.