
2025 жылғы 2 тамызда Ақмола облысы Бурабай ауданының Щучинск-Бурабай курорттық аймағында, Үлкен Шабақты мен Текекөлдерінің арасындағы «Ақбура» демалыс аймағында AQBURA BAY TRAIL – 5 халықаралық трейл-жүгіру жарысы өтті. Бұл бірегей спорттық шара жүгіру мен белсенді өмір салтын ұстанатын жандарды біріктіріп, қатысушыларға экстремалды жағдайда өз мүмкіндіктерін сынауға мүмкіндік берді.
Осы жылғы жарыста жалпы қатысушылар саны 1500 адамға жетті. Жарысқа Қазақстан азаматтарымен қатар Ресей, Қырғызстан, Испания, Канада, Жаңа Зеландия, АҚШ, Беларусь, Италия және басқа да елдерден келген шетелдік қонақтар да қатысты.
Ұйымдастырушылар балалар мен ересектерге арналған түрлі қашықтықтар мен велосипед жарысын дайындады:
Осындай форматтағы Aqbura Bay Trail – 5 сынды іс-шараларды өткізу — ішкі туризмді дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және өңірдің табиғи-мәдени әлеуетіне назар аударту тұрғысынан аса маңызды.
Мұндай бастамалар экологиялық туризмге тұрақты қызығушылық қалыптастырып, Қазақстанның қайталанбас табиғи ландшафттары мен ашық аспан астындағы спорт түрлеріне қолайлы жағдайлары бар ел ретіндегі имиджін нығайтуға ықпал етеді.
Сонымен қатар, Aqbura Bay Trail – 5 халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін тиімді алаң, түрлі елдерден келген спортшыларды біріктіре отырып, оқиғалық және спорттық туризмді дамытуға және өңірдің халықаралық деңгейдегі туристік беделін арттыруға үлес қосады.