Pikeman жаппай ашық судағы жүзу жарысы өтті

Pikeman жаппай ашық судағы жүзу жарысы өтті

2025 жылғы 26 шілдеде Щучинск–Бурабай курорттық аймағындағы  Шортанды көлінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 500-ден астам қатысушыны жинаған Pikeman жаппай ашық судағы жүзу жарысы өтті. Іс-шара Акмола облысының туризм басқармасының жанындағы «Visit Aqmola» туристік ақпарат орталығы КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылды.

Бұл бірегей іс-шара спорттың адамдарды біріктіріп, ішкі туризмді дамытуға және табиғатты қорғау мәселелеріне назар аудартуға мүмкіндік беретінінің жарқын үлгісі болды.

Жарыс барлық қатысушылар үшін тегін өткізілді. Бұл оның барынша қолжетімді болуына, тәжірибелі спортшыларды ғана емес, әуесқойларды, балалармен келген отбасыларды және Бурабайда демалып жүрген туристерді де тартуға мүмкіндік берді.

PIKEMAN жарысы Қазақстанның көркем аймақтарында белсенді демалысты насихаттауға бағытталған жазғы спорттық іс-шаралар сериясының бір бөлігіне айналды.