Бүгін қала әкімінің орынбасары Жанасыл Сабырұлының төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті. Отырыста мемлекеттік органдардың, қала кәсіпорындары мен ұйымдарының, кәсіподақтардың өкілдері мен комиссия мүшелері қатысты. Күн тәртібінде: 1. Міндетті әлеуметтік төлемдер (зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік медициналық сақтандыру) бойынша берешекті өтеу жұмыстарын ұйымдастыру туралы; 2. Қала кәсіпорындарындағы жалақы бойынша берешекті мониторинг жұмыстары жайлы; 3. «Vision Zero» тұжырымдамасын ілгерілету және меморандумдар жасасу барысы туралы; 4. Көше иттерін аулау жұмыстарын ұйымдастыру жайлы мәселелер қаралды. Әр мәселе бойынша баяндамалар тыңдалып, тиісті ұсыныстар қабылданды.