13 мамыр күні Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы жер комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиын барысында жеке тұлғалардан келіп түскен 5 өтініш қаралды. Комиссия мүшелері олардың заңдылығын мұқият саралап, нәтижесінде 3 өтініш қанағаттандырылып, 2 өтініш кері қайтарылды. Комиссия өтініштерді қарау кезінде жер заңнамасының сақталуын тұрақты бақылауда ұстайтын болады.